Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АРАЛДА #BIRGE #TAZA QAZAQSTAN ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

АРАЛДА #BIRGE #TAZA QAZAQSTAN ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Арал ауданында республика көлемінде өткізіліп жатқан «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жоғары деңгейде өтті.

Жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 09:00-ден басталған тазалық шарасына аудан әкімі М.Оразбаев бастаған барша жергілікті атқарушы орган басшылары мен қызметкерлері, соның ішінде, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласының ұжымдары мен еріктілер тобы белсене қатысты.

Акция барысында Арал қаласындағы көне аурухана мен жаңа аурухана аумағы, орталық базардан өрт сөндіру мекемесіне дейінгі көшелердің бойы, сондай-ақ, Т.Нұржанов, Алматы және С.Сейфуллин көшелерінің сорлы аймақтары және ауданға қарасты Қамыстыбас елді мекеніндегі Қамбаш көлінің жағалауы мен Сексеуіл кенті лас-қоқыстан тазартылып, тиісті қоқыс қалдықтарын тастайтын орындарға жеткізілді.

Аталған экологиялық шараға қолдау білдірген 1100-ге жуық аралдықтар осылайша тазарту жұмыстарын жұмыла жүргізіп, аталған аумақтар бойынша жалпы көлемі 120 тонна қоқыс шығарылды.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
27 шілде 2019 ж. 1 404 0