Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық спорт түрлерінен сайыс өткізілді

Ұлттық спорт түрлерінен сайыс өткізілді

“AMANAT” партиясының “Ұлттық мұра” жобасы аясында Бөген бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты — ұлттық құндылықтарды жаңғырту, салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру болды.
Сайыс барысында қатысушылар асық ату, арқан тарту, қол күрес және гір тасын көтеру сияқты ұлттық спорт түрлерінен өз бақтарын сынады. Әрбір жарыс тартысты өтіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Жергілікті тұрғындар сайысты қызу қолдап, қатысушыларды рухтандырып отырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар ұлттық салт-дәстүрді дәріптеумен қатар, жастардың бойында патриоттық сезім мен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, ұлттық ойындардың адамды төзімділікке, ептілікке және бірлікке тәрбиелейтіні атап өтілді.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік шыққан қатысушыларға “AMANAT” партиясы атынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
"Толқын" ақпарат
28 қазан 2025 ж. 69 0