Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирустың жеңіл түріне шалдыққандар ауруханаға жатқызылмайды

Коронавирустың жеңіл түріне шалдыққандар ауруханаға жатқызылмайды

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова елде коронавируспен ауыр және орта дәрежеде ауырып жатқан адамдар ғана ауруханаға жатқызылатынын мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz.

«Қазіргі таңда коронавируспен ауыр және орта дәрежеде жатқан науқастар ғана ауруханаға жатқызылады. Сонымен қатар КВИ расталмаған, алайда пневмониямен түскен адамдар да ауруханада емделеді. Ал КВИ-ді жеңіл немесе белгісі жоқ күйде көтеретіндер амбулаториялық жағдайда емделуі тиіс. Себебі онсыз да стационардағы төсек-орын бос емес. Сол себепті КВИ-ді жеңіл немесе белгісі жоқ күйде көтеретін азаматтар үйінде емделіп, уческелік дәрігердің бақылауында болуы тиіс», – деді Людмила Бюрабекова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
01 шілде 2020 ж. 507 0