Карантин талаптарын бұзған қазақстандықтар айыппұл төлейтін болды

«Карантиндік режим мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке жеке тұлғалар 30 АЕК-ке (1 АЕК – 2778 теңге / 30 АЕК – 83 340 теңге), ал кәсіпкерлік субъектілері 230 АЕК-тен (638 940 теңге) жоғары сомаға тартылады. Тиісті нормативтік-құқықтық акті осы аптада қабылданады», – деді Е. Тоғжанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде.Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын.
Оған сәйкес, биылғы 5 шілдеден бастап елімізде 14 күнге бірқатар шектеу шараларын енгізу шешімі қабылданды.