Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Вице-премьер: Ойын-сауық орталықтары мен мейрамханалар әлі ашылмайды

Вице-премьер: Ойын-сауық орталықтары мен мейрамханалар әлі ашылмайды

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов ойын-сауық орталықтарының қашан ашылатынын түсіндірді.
«Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 мың шаршы метрге дейінгі азық-түліктен бөлек дүкендердің, сұлулық салондарының және балаларды дамыту орталықтарының ашылатынын мәлімдеді. Тұрғындардың саябақтар мен скверлерде серуендеуіне рұқсат беріледі. Парк жанындағы көңіл көтеру жұмыстарына шектеу қойылады», – деп түсіндірді Е. Тоғжанов Үкіметте өткен онлайн брифингте.
Сонымен бірге, Е. Тоғжанов ойын-сауық орталықтарының жұмысын жандандыру бойынша көп сұрақ келіп түскенін айтты.
«Бұл кезеңде ойын-сауық орталықтарының, мейрамханалар мен қонақ үйлердің жұмысы іске қосылмайтынын мәлімдеймін. Бұл мәселе сәл кейінірек өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қарастырылады», – деді Е. Тоғжанов.
Оның айтуынша, елдегі КВИ жұқтырғандар үлесін 2 пайызға дейін азайтқанда ғана, ойын-сауық орталықтарын ашуға мүмкіндік бар.
https://kyzylorda-news.kz/
12 мамыр 2020 ж. 581 0