Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда коронавирусқа байланысты кинотеатрлар жұмысын тоқтатады

Қазақстанда коронавирусқа байланысты кинотеатрлар жұмысын тоқтатады

Сауда орталықтарында орналасқан кинотеатрлар коронавирустың таралу қауіпіне байланысты жабылады, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді. 
"Сауда орталықтары мен базарлар жұмыстарын жалғастырады. Мемлекет тұрғындардың азық-түлікпен қамтамасыз ету керек. Ойын-сауық орталықтарында орналасқан кинотеатрлар жұмыстарын тоқтатады. Бұл тоқтамға келу қиын болды. Сіздер фильмдер бір сағаттан ұзақ көрсетілетінін білесіздер. Ал бір жерде көптеген адамдардың жиналуы дұрыс емес. Сол себепті біз осындай шешімге келіп отырмыз", - деді Тоғжанов. 
Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы коронавирус пандемиясына қатысты пікір білдірген еді. 
12 наурыз 2020 ж. 752 0