Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 5 шілдеден бастап қандай бағыттағы пойыздар тоқтайды?

5 шілдеден бастап қандай бағыттағы пойыздар тоқтайды?

Қазақстан аумағында 5 шілдеден бастап карантин шараларының күшейтілуіне байланысты бірқатар жолаушылар пойызының жүру кестесі өзгерді, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Бұған дейін 1 шілдеден бастап 3 коммерциялық пойыздың қатынауы уақытша тоқтағанын жазған болатынбыз. Олар:
– №19/20 «Нұр-Сұлтан-Атырау»;
– №95/96 « Нұр-Сұлтан-Орал»;
– №701/702 «Нұр-Сұлтан-Алматы».
Еске сала кетсек, бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында 5 шілдеден бастап елімізде 14 күнге қатаң шектеу шараларын енгізу шешімі қабылданды.
Олардың арасында теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау бойынша да шектеулер бар.
Осыған орай, 5 шілдеден бастап әлеуметтік маңызы бар бірқатар бағыттарға өзгеріс енгізіледі:
1. №321/322 «Алматы – Сарыағаш» жолаушылар пойызы тоқтатылады.
2. Келесі бағыттардың қатынау жиілігі қысқарады:
– №3/4 «Алматы-Нұр-Сұлтан» күнара (күн сайынның орнына);
– № 31/32 «Алматы-Павлодар» күнара (күн сайынның орнына)
– № 67/68 «Нұр-Сұлтан-Өскемен» күнара (күн сайынның орнына)
– №257/258 «Нұр-Сұлтан-Достық» аптасына 1 рет (аптасына 2 реттің орнына).
Айта кетейік, Қазақстан аумағында төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін, пойыз қатынасы кезең-кезеңімен қалпына келтіріле бастаған болатын.
Бүгінгі таңда жалпы алғанда 93 пойыз рейстерді орындауда.
kyzylorda-news.kz
03 шілде 2020 ж. 521 0