Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде қалааралық автобустар қайта тоқтайды

Елімізде қалааралық автобустар қайта тоқтайды

Мемлекеттік комиссия екі аптаға созылатын қатаң карантин шараларын бекітті. Оған сәйкес, 5 шілдеден бастап өңірлер арасында жолаушылар автобусы қатынамайды .
Эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілді.
Мемлекеттік комиссия шешіміне сәйкес, халықаралық әуе қатынасы сақталады, бірақ елдер тізімі бұдан әрі толықтырылмайды.
Өңірлер арасында ұшақ пен пойыздар қатынай береді, алайда бірқатар шектеу бар.
«Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасы уақытша тоқтатылады. Қоғамдық көліктің жұмыс уақыты шектелді», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстанда қалааралық автобус тасымалы 5 маусымда жанданған болатын. Жолаушылар салонға тек маскамен кіргізіліп, ал ең соңғы аялдамада көлікке дезинфекция жасауға міндеттелді.
kyzylorda-news.kz
02 шілде 2020 ж. 702 0