Қызылордада автобус аялдамада адам қағып кетті

Оқыс оқиға Қызылорда қаласындағы Тоқтыбаев көшесінің бойындағы аялдамада болған. Сол жерде қоғамдық көлік екінші автобусқа соғылып барып, аялдамада тұрған әйел адамды да қағып кеткен.
«Аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделді», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шәмшидин Әмитов. Бұдан бұрын Қызылордада 2019 жылдың қазан айында бағдарлы жолаушылар автобусы адам қағып, ол қайтыс болған еді.