Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолаушылар пойызында карантин шаралары жеңілдетіледі

Жолаушылар пойызында карантин шаралары жеңілдетіледі

Қазақстанның көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов еліміздің ішінде қатынайтын тұрақты темір жол қатынасында кейбір шектеу шараларының жеңілдетілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.
 
«Бұған дейін бірнеше рет жолаушылар теміржол қатынасы жаңартылуына байланысты коронавирус инфекциясына шалдығу өршіп кетпеген жағдайда талаптар кезең-кезеңімен жеңілдетілетіндігі аталап өтілген еді. Ішкі тұрақты темір жол қатынасы жанданған күннен бастап 100 мыңнан астам жолаушыдан сауалнама алдынды. Жолаушылар арасында коронаирус инфекциясы жағдайлары тіркелген жоқ. Осыған байланысты 2020 жылдың 10 маусымынан бастап шығарып салушы азаматты теміржол вокзалы ғимаратына кіргізбеу талабы алынып тасталды», - деді ол.
Бұл орайда ол әлеуметтік арақашықтық, маска режимі, жолаушылардың вогондар арасында арлы-берлі жүруін және олардың шоғырлануын шектеу, залалсыздандыруды күшейту сынды санитарлық-карантиндік талаптарды қатаң сақтау қажеттігін баса айтады. 
«Азаматтардың темір жол вокзалы ғимаратына кіруі бұрынғыдай байланыссыз дене қызуын өлшегеннен кейін ғана жүргізіледі. Сонымен қатар 10 маусымнан бастап санитарлық-заласыздандыру режимі және өзге де шектеу шаралары қатаң сақталған жағдайда жолаушылар пойыздарының вагон мейрамхана және вагон барларының жұмысы жанданады. Темір жол көлігінде жолаушылар санитарлық-карантиндік шараларды сақтамаға жағдайда ол қайтадан қатаңдатылатын болады», - деді С.Байғабылов.
09 маусым 2020 ж. 680 0