Қазақстан Қытаймен жолаушылар тасымалының барлық түрін тоқтатты

Мұнымен қоса, 4-8 ақпан аралығында Халықаралық теннис федерациясының Федерация кубогының іріктеу матчтарын Қытайдың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыруы туралы ұсынысы қабылданбады. Сондай-ақ, 12-16 ақпан аралығында су добынан Азия іріктеу чемпионаты өткізілмейтін болды."29 қаңтардан бастап екі ел арасында жолаушылар автобусының тасымалы, 3 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы жүйелі әуе қатынасы уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ, 1 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасында жүретін жолаушылар пойыздарының бағдары уақытша тоқтатылады. Қытай азаматтарына виза берілмейді", -деп жазылған хабарламада.
Ведомствоаралық комиссия жағдайдың тәуліктік режимде қадағаланатынын айтты. 29 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясымен сырқаттану оқиғасы тіркелмеген. Мәселе ел басшылығының ерекше бақылауына алынған.