Диетолог минералды суды артық тұтынудың қаупін атады

Маман минералды судың шаршағанды басатынын және ас қорыту жүйесін қалыпқа келтіретінін, алайда ол минералдануы 1 г/л аспайтын ас суы немесе 4-5 г/л концентрациясы бар дәрілік-ас суына қатысты екенін айтты.
«Сондай-ақ бір ішкенде 200 мл-ден аспайтын бір стақан су ішуге болады. Әйтпесе, бүйрек пен жүрекке қосымша салмақ түседі», - деді маман.
Айтуынша, мұндай суды көп мөлшерде үнемі ішу гастриттің пайда болу қаупін тудырады. Сондықтан сарапшы минералды суды күніне 2 литрден асырмай ішуге кеңес берді.