Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Маман науқастардың көз жұмуының себептерін түсіндірді

Маман науқастардың көз жұмуының себептерін түсіндірді

BAQ.KZ тілшісі. Вирус жүрек-қантамырлары ауруларын асқындырып жібереді. Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, жедел медициналық көмек, анестезиология және қарқынды терапия кафедрасының меңгерушісі Нұрила Малтабарова "КВИ бойынша ағымдағы жағдай" талқыланған ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен баспасөз конференциясында айтты.

Әлеуметтік желілерде аурудың дәрежесі мен себебін түсіндіріп жатыр. Кей жерлерде ол клиникалық хаттамаларға қарама-қайшы келіп жатыр. Көз жұмғандарға қатысты көп пікір бар. Коронавирус індетінің өту ерекшеліктері туралы түсіндіруге тырысамыз. Коронавирус кезінде өкпе қабынады. Вирус интерстициальды кеңістікті сұйықтыққа толтырады. Сұйықтық көп болған жағдайда өкпенің қабынуына алып келеді. Осы көзде адам көз жұмады. Даму тетіктері өте көп. Вирус өкпені жедел зақымдайды, - деді ол. 
Нұрила Малтабарова вирус жұққан кезде жүрек-қан тамырлары ауруларын асқындырып жіберетінін айтты. 
Адам ағзасында сұйықтың мөлшері көбейіп, өкпенің ісіп кетуіне әкеледі. Көз жұмудың бір себебі – өкпенің қабынуы болуы мүмкін екенін айтамыз. Алайда, бұл инфузиялық препараттардың көптігінен емес, жүрек-қан тамырлары мен буын ауруларының асқынуынан, сұйықтықтың көбею есебінен болуы мүмкін, - деді Нұрила Малтабарова. 
Маманның айтуынша, қауіп төніп тұрған санат егде жастағы адамдар арасында болып отыр. 
Жүрек-қан тамырлары аурулары жасы үлкен адамдарда кездесетіндіктен, бұл санат қауіпті болып отыр. Осы себептер, өкінішке қарай, көз жұмуға алып келеді, - деді ол.
06 шілде 2020 ж. 619 0