Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейлік дәрігерлер Қазақстанға келді

Ресейлік дәрігерлер Қазақстанға келді

Ресейлік дәрігерлер Қазақстанға келді, деп хабарлайды inform.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«COVID-19 коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл бірлескен іс-шаралар және ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен келісімдері шеңберінде Ресей ТЖМ арнайы рейсімен 6 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласына Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігінің және Роспотребнадзордың бір топ дәрігері келді. 32 адамнан тұратын топқа эпидемиолог, вирусолог және басқа да бейінді бағыттардағы дәрігерлер кірді», делінген хабарламада.
Ресейлік мамандар қазақстандық дәрігерлерге коронавирус пандемиясымен күресуде консультациялық және практикалық көмек көрсететін болады.
«Қазақстан Сыртқы істер министрлігі коронавирус пандемиясымен күресте көрсеткен қолдауы үшін Ресей Үкіметі мен достас халқына алғысын білдіреді», делінген хабарламада.
07 шілде 2020 ж. 582 0