Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

10 шілдеге арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Жұмыста белсенділік танытуыңыз беделіңізді арттырады. Сонымен қатар материалдық жағдайыңыз да жақсара түспек. Басшылықтың сеніміне кіргеніңіз соншалық, енді жұмыс бұрынғыдан да көбейе түседі. Жеке өміріңізге уақыт қалмайды.
Торпақ
Белсенділігіңіз жолыңыздың болуына көмектеседі. Жұмыста барлық істі атқаруға, әріптестерге көмек көрсетуге мүмкіндігіңіз бар. Қолдан келген көмек қолын созыңыз.
Егіздер
Бүгінгі күнге дейін жасаған жақсылығыңыз өзіңізге еселеніп қайтады. Сіз көмек көрсеткен жандар сіздің жақсылығыңызды ешқашан ұмытпақ емес. Олар сізге күн сайын «Рахмет» айтпағанымен, сыртыңыздан алғысын жаудырып жүрері анық.
Шаян
Бар сырыңыз ішіңізде. Оны ешкімге айтар ойыңыз жоқ. Жақын құрбылардың өзі сізге мысқылдай қарайтындай болып көрінеді. Сондықтан ешкімге сенбейсіз. Бірақ өкпе-ренішті ішке бүге берудің де қажеті жоқ. Ол өзіңізге зиян.
Арыстан
Жақындарыңыздың жанынан табыла біліңіз. Өзгелерге жылы қабақ танытқаннан гөрі, отбасыңызға мейіріммен қараңыз. Олардың сізге айтары бар. Кешкі дастархан басында ашық әңгімелесіңіз.
Бикеш
Бүгін көшбасшылық қабілетіңіз артып, барлық істі өз қолыңызға аласыз. Жаныңыздағыларды басқарып, шаруаны тез арада атқаруға септігіңізді тигізесіз. Сіздің идеяларыңыз жұртты таңқалдырады.
Таразы
Бүгінгі күн көңілді өтеді. Жақындарыңызға жылы шырай танытып, олардың мәселесіне бас қатыруыңыз да мүмкін. Бірақ көмек сұрады екен деп барлығына бірдей шашыла бермеңіз.
Сарышаян
Өз ісіңізге ұқыпты болыңыз. Жіберген қателіктерді түзеп, жұмысыңызды бір тиянақтап алыңыз. Егер басшылық немесе есепші қызметінде болсаңыз, құжаттарыңызды ретке келтіруді ұмытпаңыз.
Мерген
Жақындарыңызға көп көңіл бөліңіз. Олардың ойларын тыңдап, түйіткілді мәселелерін шешуге тырысыңыз. Отбасындағы жандардың бар сенері сізсіз. Соны ұмытпаңыз.
Тауешкі
Үй шаруасымен айналысып, үйден шықпау сізді жалықтырып жібереді. Өмірді жаңадан бастағыңыз келеді. Көлеңкеде қалып қоюдан қорқасыз. Сондықтан білекті сыбанып, жаңа бастамаларды қолға аласыз.
Суқұйғыш
Бүгін орын алатын оқиғалардың барлығы тікелей сізге қатысы болады. Ұрыс-керістің де басында сіз боласыз, адамдарды татуластыруға да сіздің көмегіңіз қажет. Бірақ көңіл-күйіңізді еш түсірмеңіз.
Балықтар
Жұмысыңызды өзгертесіз немесе өзгерткіңіз келеді. Өзіңізді басқа саладан сынап көрмек ойыңыз бар. Ауқымды іспен айналысқыңыз бар. Тәуекелге бел буыңыз. Жаныңыз қалаған іспен айналысуға мүмкіндік туып тұр.
kyzylorda-news.kz
10 шілде 2020 ж. 237 0