Қызылордаға 63 ИВЛ аппараты алынады

Облыс аумағында коронавирус инфекциясымен ауырғандарды және қарым-қатынаста болғандарды бақылау мақсатында барлығы 760 төсек орын ашылған болатын. Бүгінде барлығы 2410 төсек-орын ұйымдастырылды. Оның ішінде инфекциялық төсек саны 620 орынды құраса, провизорлық төсек орын саны – 1 790 құрайды,-дейді басқарма басшысы.

Облыстың бас дәрігері қазіргі таңда 76 жасанды өкпені желдету аппараты (ӨЖЖ) жұмыс істейтінін, 12 аппарат істен шыққанын мәлімдеді.
kyzylorda-news.kz«Бүгінгі күні облыс бойынша 64 ИВЛ аппараты жұмыс жасап тұр. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне 63 ИВЛ аппаратына өтінім берілді»,-деді басқарма басшысы.