Қызылорда: Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын тағы 23 адам жұқтырды

«Соңғы тәулікте 23 дерек тіркелді. Оның 21-і індет жұқтырғандармен байланыста болған, ал 1-і провизорлық стационардан анықталса, 1-еуі скринингтеуден»,- деді бас дәрігер.
Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған- 4912 азамат анықталды. Оның ішінде, 2800-і жақын қарым-қатынаста, 2112-і жанама байланыста болған. Бұдан бөлек, инфекциялық стационарда 149 адам ем алуда. Оның 29-ы карантиндік госпитальда , 26-ы провизорлық стационарда, ал 271 азамат карантиндік бақылауда.