Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » COVID-19: Соңғы тәулікте 22 жағдай тіркелді

COVID-19: Соңғы тәулікте 22 жағдай тіркелді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 402-ге жетті. Ал сауығып шыққандар саны – 245. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Тәулікте 22 дерек тіркелді. Оның ішінде, Қызылорда қаласынан - 2, Жаңақорғаннан - 3, Аралдан - 17 жағдай тіркелген. Анықталғандардың 3-і медицина қызметкерлерін скринингтеу барысында анықталса, 19-ы қарым-қатынаста болған», - деді бас дәрігер.
Сондай-ақ, індет жұқтырғандармен байланыста болған 4708 азамат анықталды. Оның ішінде, 2627-і жақын қарым-қатынаста, 2081-і жанама байланыста болған. Бұдан бөлек, инфекциялық стационарда 133 адам ем алуда. Оның 24-і карантиндік госпитальда, 25-і провизорлық стационарда, ал 334 азамат карантиндік бақылауда.
Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.
01 маусым 2020 ж. 462 0