COVID-19: Қызылорда қаласынан бөлек бірнеше аудандарда індет жұқтыру көрсеткіші артуда

«Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының жаңадан 17 жағдайы тіркелді. Оның 14-і індет жұқтырғандармен байланыста болса,1 жағдай 24 мамырда Ресей Федерациясынан келген студенттен анықталған. Ал қалған 2 жағдай Д есепте тұратын науқастарды скринингтеуден белгілі болды»,-деді бас дәрігер.
Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған- 4133 азамат анықталды. Оның ішінде, 2303-і тікелей қарым-қатынаста, 1830-ы ықтимал байланыста болған. Бұдан бөлек, инфекциялық стационарда 66 адам ем алуда, карантиндік госпитальда-22, провизорлық стационарда-26, карантиндік стационарда-232 азамат бақылауда.
Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтан сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.