Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Пневмония коронавирус статистикасында неліктен есепке алынбайды?

Пневмония коронавирус статистикасында неліктен есепке алынбайды?

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова елімізде өкпе қабынуы коронавирус статистикасында неліктен есепке алынбайтындығын түсіндірді, деп хабарлайды inform.kz.
«Біз қазір халықаралық ұйымдармен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі күні ДСҰ ұсынымына сәйкес, статистикаға ПТР-дің оң нәтижесі бар жағдайлар ғана кіріп отыр», – деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Сонымен қатап еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі дәл осы мәселеге байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау министрлігіне сұраныс жібергенін айтты.
«Келіссөздер арқылы есепке алынуы тиіс мәліметтерге қатысты ортақ шешімге келеміз. Әрбір елдің статистика мен есепке алуға қатысты өз жолы бар. Біз соны біріздендіріп, барлық елмен қатар жүргіміз келеді», – деді Людмила Бюрабекова.
15 шілде 2020 ж. 483 0