Қазақстанда 1 шілдеден бастап жаңа жәрдемақы енгізіледі

Сонымен қатар, республикалық бюджет комиссиясы бұл ұсынысты бекітті. Енді жәрдемақы 29 мың теңге көлемінде төленетін болады.«Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сәйкес, балалық шақтан бірінші топтағы мүгедектерді асырап алған адамдар өмір бойы жәрдемақы алуға құқылы болатындай, біз заңнамаға түзетулер енгізгіміз келеді», - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.
Ал, Шығыс Қазақстан облысы Еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті нақты сомалар туралы айтуға әлі ерте екенін хабарлады.
«Қазір нормативтік-құқықтық база жасалып жатыр", - деп түсіндірді әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Марина Шаронова.
Baq.kz