Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 21 шілдеге арналған ауа райы болжамы

21 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Сейсенбі, 21 шілдеде күн ашық болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

21 шілдеде атмосфералық ауа ағындарының әсерінен шығыста күн күркіреп, жаңбыр жауады, оңтүстік пен солтүстікте және батыста күн ашық. Кей жерде желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, оңтүстік батыста – шаңды дауыл.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Қарағанды облысының кей жерінде дауыл тұруы, бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.
Павлодар, Қостанай, Ақмола облысының кей жерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде дауыл тұруы, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында дауыл күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Алматы, күндіз Атырау облыстарының кей жерінде жел тұрып, 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Қызылорда облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының күндіз кей жерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Алматы, Түркістан облыстарында, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады.
Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Қостанай, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.
baq.kz
21 шілде 2020 ж. 428 0