Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 2 шілдеге арналған ауа райы болжамы

2 шілдеге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы жаңбыр және найзағаймен сақталады, жел күшейеді, бұршақ, дауыл болып, солтүстік-батыста және солтүстікте қатты  жаңбыр жауады, оңтүстікте шаңды дауыл болады, оңтүстік-шығыста және шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде дауыл болып, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей жерінде 30 м/с және одан асуы мүмкін. Кей жерде бұршақ жаууы ықтимал. 
Ақмола облысының кей жерінде дауыл болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей жерінде 30 м/с және одан асауы мүмкін, кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал. 
Қостанай облысының кей жерінде дауыл болып, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, күндіз кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал.
Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерінде дауыл болып, жел 15-20, күндіз екпіні 23-25 м/с күшейеді, кей жерде бұршақ жаууы ықтимал.
Ақтөбе облысының түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. 
Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл болып, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді. 
Жамбыл облысының күндіз кей жерінде дауыл болып, жел 18-23 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. 
Атырау, күндіз Павлодар, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал.       
Алматы, Жамбыл облыстарында қатты  ыстық болады.
Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Қостанай облысының кей жерінде, Алматы, Қарағанды облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.
https://baq.kz     
02 шілде 2019 ж. 814 0