Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 5 маусымға арналған ауа райы болжамы

5 маусымға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 5 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бүгін кей облыста жаңбыр жауып, дауыл болуы мүмкін.

Атмосфералық ауа фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерде жаңбыр, солтүстіктің кей жерінде қатты жаңбыр жауады, тек республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. 

Республиканың кей аймағында найзағай, жел күшейеді, шаңды дауыл, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстіктің кей жерінде тұман түседі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, күндіз кей жерінде дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін. 
Қарағанды облысының кей жерінде дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. 
Павлодар, Жамбыл облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерінде дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін. 
Алматы, Қостанай облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. 
Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз дауыл болады.
Күндіз Қызылорда облысының кей жерінде жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады.
Атырау, Ақтөбе, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысында түнде және таңертең кей жерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының күндіз кей жерінде қатты ыстық болады.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жеріннде жоғары өрт қауіпі сақталады. 
https://baq.kz
05 маусым 2019 ж. 1 093 0