Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 18 мамырға арналған ауа райы болжамы

18 мамырға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 18 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Атмосфералық фронт бөліктерінің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, кей жерде қатты жаңбыр болады, тек еліміздің шығысында күн ашық болады. Республиканың кей жерінде найзағай, тұман, желдің күшеюі, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола облысының кей жерінде дауыл болып, бұршақ жаууы ықимал, түнде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25  м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерінде күндіз дауыл, шаңды дауыл болады, жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. 

Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы ықтимал, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерінде дауыл болады.

Павлодар, Жамбыл облыстарында, күндіз Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысында тұман түседі.
Күндіз Маңғыстау облысының кей жерінде тұман болып, бұршақ жаууы мүмкін.
Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерінде 1-3 градус үсік сақталады.
Қызылорда  облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
18 мамыр 2019 ж. 927 0