Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 28 наурызға арналған ауа райы болжамы

28 наурызға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін. 

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, оңтүстіктің кей жерінде жаңбыр қатты жауады, тек батыста және шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 
Ақмола облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. 
Жамбыл облысының кей жерінде найзағай, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз бұршақ болуы мүмкін. 
Қызылорда облысының кей жерінде найзағай, тұман күтіледі, түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. 
Түркістан облысының кей жерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. 
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. 
Қарағанды облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. 
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде Павлодар облысында, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі. 
Ақтөбе облысының кей жерінде тұман түседі, күндіз жел 18 м/с күшейеді. 
Қостанай облысының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.  
baq.kz
28 наурыз 2019 ж. 1 315 0