Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 24 сәуірге арналған ауа райы болжамы

24 сәуірге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін кей облыста тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін.

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, республиканың оңтүстігінде катты жаңбыр жауады, тек республиканың батысында жауын-шашын болмайды.
Кей жерде тұман түсіп, желдің күшеюі ықтимал, оңтүстікте, орталықта найзағай болып, оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күшеюі ықтимал.
Түркістан облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Күндіз Алматы, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанда облысының кей жерінде тұман түседі.
Қостанай,  Солтүстік Қазақстан,  Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.
baq.kz
24 сәуір 2019 ж. 722 0