Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алексей Цой: Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайы 29 пайызға азайды

Алексей Цой: Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайы 29 пайызға азайды

Денсаулық министрі Бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қатаң карантин шараларының нәтижесі туралы айтты, деп хабарлайды inform.kz.
«Қатаң карантин шаралары енгізілгелі бері, яғни 5 шілдеден бастап үш аптаның ішінде КВИ жұқтырудың 35 951 жағдайы тіркелді. Жалпы қатаң шектеу шараларын енгізген сәттен кейін тіркелген жағдайлардың 29 пайызға азайғаны байқалады. Қазіргі уақытта COVID-19 вирусын жұқтыру бойынша жағдай күніне орташа есеппен 1600 адам деңгейінде тұрақталды. Сонымен қатар, төсек орындар 43 пайызға, жансақтау бөліміндегі төсек орындар 27 пайызға босады», – деді Алексей Цой.
Оның айтуынша жұқтырғандардың ішінде сауыққандардың үлесі 63 пайызға артқан.
«Осылайша денсаулық сақтау жүйесіне түскен жүктеменің негізгі көрсеткіштерін төмендетуге қол жеткізілді», – деді ол. 
28 шілде 2020 ж. 662 0