Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл Қазақстанда электр энергиясына тариф 18 пайызға дейін төмендеді

Биыл Қазақстанда электр энергиясына тариф 18 пайызға дейін төмендеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда электр энергиясына тарифтер 18 пайызға дейін төмендеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысовтың айтуынша, электр энергиясына тариф құны 1-ден 18 пайызға дейін төмендеді. «Өңірлерде электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша 2019 жылға тарифтер 1-ден 18 пайызға  дейін, яғни түпікілікті тұтынушы үшін арзандады. Бұл өз кезегінде бірнеше факторларға байланысты», - деді Е. Алпысов Мәжілісте өткен Үкімет сағатында депутаттардың сауалына жауап бере отырып.  Сонымен қатар ведомство өкілі қазіргі тарифтер деңгейін 2020 жылға дейін сақтау ескерілгенін атап өтті. ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың сөзіне қарағанда, электр энергиясына тарифтердің объективті деңгейін белгілеу бойынша тиісті жұмыстар атқарылды. Бұдан бұрын хабарланғандай, Мәжілістегі Үкімет сағатында министр электр энергетикасының қазіргі жағдайы туралы айтып берді. Сонымен қатар ол жыл соңына дейін жаңартылатын энергия көздерінің 10 нысаны пайдалануға берілетінін мәлім етті.
https://www.inform.kz
10 маусым 2019 ж. 1 109 0