Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде газ бағасы төмендейді

Елімізде газ бағасы төмендейді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2019 жылдан бастап, елімізде газ бағасы төмендейтінін мәлім етті.
Министрдің айтуынша, тарифтерді төмендету мақсатында Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, тауарлық газдың көтерме шекті бағасын төмендету бойынша бұйрық жобасы әзірленді.
«Біздің есебімізше, көтерме баға төмендесе, 2019 жылдың қаңтарынан бастап өңірлерге байланысты 12%-тен 22%-ға дейін газды пайдаланатын электр станциялар үшін тауарлық газдың түпкілікті бағасы арзандайды», - деді министр.
Осы орайда ол тұрғындарға, әрі жылу мен электр энергиясын өндіретін отын-энергетикалық кешені үшін тауарлық газдың бөлшек сауда бағасы деңгейін Ұлттық экономика министрлігі анықтайтынын жеткізді.
«Газдың көтерме бағасын министрліктің төмендетуі негізінде табиғи монополияларды реттеу комитеті тиісті бұйрықтарды қабылдап, электр станциялар үшін газ бағасын төмендетуі тиіс. Электр энергиясы мен тауарлық газ бағалары электр станциялар үшін төмендейді. Бұл шара министрліктің тиісті бұйырығын бекіту арқылы жүзеге асырылады», - деді Қанат Бозымбаев.
Осы ретте министр, аталған бұйрық 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетінін атап өтті.
baq.kz
26 қараша 2018 ж. 1 428 0