Министр кімдерге маска тағудың керегі жоқ екенін айтты

"Қоғамдық орындарда, ғимараттарда, қызмет көрсететін, демалатын және ашық қоғамдық орындарда маска тағу міндетті. 5 жасқа дейінгі балаларға, бес адамнан аспайтын жеке немесе топта спортпен шұғылданатындарға, медициналық жағынан карсы көрсетімі бар адамдарға маска тағудың керегі жоқ", - дейді министр үкімет отырысында.Сонымен қатар, ол далада және ашық қоғамдық орындарда арақашықтықты сақтаған кезде маска тағудың керегі жоқ екенін атап өтті.
Айта кетейік Қазақстанда 92 662 адам COVID-19 жұқтырды. 62 511 науқас жазылды, 1 058 адам қайтыс болды.