Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ыстық күнде маска тағудың қауіптілігі айтылды

Ыстық күнде маска тағудың қауіптілігі айтылды

Ыстық күндері медициналық маска тағу бірқатар созылмалы аурулардың асқынуына алып келіп, егде жастағы адамдардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Бұл туралы ресейлік ғалым, Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология институтының бөлім жетекшісі, профессор Александр Бутенко мәлім етті.
Ресейлік маманның сөзінше, егер тұрғындар созылмалы ауруға шалдыққан не жасына байланысты күннің ыстығына шыдамайтын болса, далаға шықпай-ақ қою керек екен. Өйткені маска тыныс алуға кедергі келтіріп, адам ағзасына ыңғайсыздық сезімін тудыруы мүмкін. 
Профессор халықты өз денсаулығын күтуге шақырып, көшенің орнына маска тағу қажет емес, саяжай сынды жерлерге баруға кеңес берді. 
https://stan.kz/
12 маусым 2020 ж. 581 0