Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

12 тамызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бүгін қызықты идеяларыңызбен басшылықтың көзіне түсесіз. Жаңа жобаларды қолға алып, абыройыңызды арттыра түсесіз.
Торпақ
Өзіңіздің жоспарларыңызды жүзеге асырып, белсенділік танытатын уақыт. Болашағы зор жұмысқа орналасуға немесе жаңа кәсіп бастауға қолайлы күн.
Егіздер
Асығыстық сізге жат қылық болғанымен, бүгін тым асығыссыз. Дегенмен барлығын уақыттың еншісіне қалдырғаныңыз жөн. 
Шаян
Бүгін біраз уақыттан бері жиналған жұмыстарды тез арада бітіруге тура келеді. Жұмысты тиянақты атқарып, басшылыққа өзіңіздің қабілетіңізді көрсете аласыз.
Арыстан
Бүгінгі кездесулерден жаңа таныстар тауып, олардың сізге пайдасы тиетін болады. Ең бастысы көп сөйлеп, ешкімнің мазасын алмаңыз. 
Бикеш
Сізді жаңа өмір күтіп тұр. Қызметте өсесіз, жеке кәсіпте табысыңыз артады, сондай-ақ шығармашылығыңыз шыңдала түседі.
Таразы
Бүгінгі күн ем қабылдауға қолайлы. Жұмысқа қатысты мәселелерді түске дейінгі уақытта шешіп алыңыз. Алға ұмтылуға бейім жандар қызметте өседі.
Сарышаян
Бүгін сіз үшін қаржылық жағдайыңыз маңыздырақ. Біраз шығындаласыз. Бірақ бұл шығындар сіздің жан рахатыңыз үшін жұмсалады.
Мерген
Жұлдыздар материалдық жағдайыңызды жақсартуға, өмір сүру салтыңызды жоғары деңгейге жеткізуге күш-қуат береді. Өзіңізге сенімділігіңіз артады.
Тауешкі
Ұстаздар, шығармашылық бағыттағы жандар, саудагерлер және делдалдар үшін өте сәтті күн болмақ. Олар бүгін табысты болады. Бүгінгі басты қағида – ұстамды болу.
Суқұйғыш
Ойлау қабілеті терең жандар орын алған оқиғалардың соңы қалай аяқталатынын жақсы біледі. Сондай-ақ барлық жұмыста белсенділік танытып, оң шешім табуға атсалысады.
Балықтар
Күніңіз сәтті өтеді. Оған себеп, күш-қуатыңыздың мол болуы, өз ісіңізден ләззат ала білуіңіз. Бүгін сіз келешегі зор, қызықты жұмыс табасыз.
kyzylorda-news.kz
12 тамыз 2020 ж. 310 0