Қазақстандықтар жаңа оқу жылына дайын ба?
Былтырғы оқу жылының төртінші тоқсанында қандай қате ескерілді? Мұғалімдер қашықтан оқытуға дайын ба? i-balaqai talks жобасының арнайы шығарылымында қонақтар қазақстандық оқушыларға арналған жаңа жағдайлар, техникалық жабдықтау, балалардың, ата-ана мен педагогтердің психикалық дайындығын талқылайды, - деп хабарлайды tengrinews.kz тілшісі.Спикерлер:
- ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари;
 - "Қазақстандағы жаңа мамандықтар Атласы" жобасының басшысы, BTS Digital білім беру орталығының басшысы Саясат Нұрбек;
 - Montessori Qazaqstan Қоғамдық Қорының құрылтайшысы Ерұлан Құсайынов;
 - Astana Garden School инновациялық мектебінің негізін қалаушы және бас директоры Нұрмұхаммед Досыбаев;
 - Шоқан Уәлиxанов атындағы мектеп директоры Олег Пак;
 - Электрон білім беру жүйесіндегі Bilim Media Group компаниясының негізін қалаушы және басшысы Рауан Кенжехан;
 - Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман;
 - "Пифагор" математикалық мектебінің негізін қалаушы Асан Жолдасов.
 






		
		



