Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ДСМ 5 жасқа дейінгі балалардың маска кию мәселесіне нүкте қойды

ДСМ 5 жасқа дейінгі балалардың маска кию мәселесіне нүкте қойды

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес 5 жасқа дейінгі балаларға маска кию міндетті емес, - деп жауап берді Қожахметов журналистің қойған сұрағына.
Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы бойынша маска тағуға міндетті:
- қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте, 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтау кезінде қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішу жағдайларын қоспағанда;
- қоғамдық орындарда 5 жасқа дейінгі балаларды және жеке, топтық спортпен шұғылданатын адамдарды қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты сақтаған кезде 5 адамнан аспайтын ашық ауада.
Бұған дейін Денсаулық министрлігінің медиа орталығына келіп түскен ресми ақпаратқа сәйкес осы жылдың 13 наурызынан бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясымен 104 713 адам ауырды.
https://baq.kz/
24 тамыз 2020 ж. 661 0