Қызылордада ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктердің хабарлауынша, 26 тамыз күні таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында да ауа райы күрт бұзылып, дауыл тұрады, найзағай ойнайды. Кей аймақтарда тұман түседі.