Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирусқа қарсы жаңа дәрілер табылды

Коронавирусқа қарсы жаңа дәрілер табылды

Типсіз пневмониямен күресуге әзірленген препараттар COVID-19 індетімен күресуге көмектесуі мүмкін.

Австралиядағы Вальтер және Элиза Холл медициналық зерттеулер институтының ғалымдары осындай тұжырымға келді, деп хабарлады Today.kz, The EMBO Journal басылымына сілтеме жасап.
Сарапшылар SARS-CoV-2 негізгі ферментін – PLpro деубиквитиназға тосқауыл қоятын жаңа дәрілік қоспаларды тапты. Бұл қоспа барлық коронавирустарда кездеседі және жасушаларды жұқтырып, олардың ішіндегі қоздырғышты көбейту үшін қажет. Сондай-ақ, бұл вирусқа қарсы бағытталған қорғауды өшіреді. Бастапқыда типсіз пневмонияға бағытталған COVID-19-ға қарсы дәрілердің тиімділігі зертханалық зерттеулерде расталды.
ANSTO синхротронын қолданған ғалымдар SARS-CoV-2 құрамындағы PLpro-ның адам ақуыздарымен өзара әрекеттесуін зерттеп, қолданыстағы дәрі-дәрмектердің әлеуетті мақсаттарын анықтады. Осыдан кейін олар осы өзара әрекеттесуді тежейтін дәрілерді скринингтен өткізді.
https://baq.kz/

29 тамыз 2020 ж. 243 0