Аймағамбетов мұғалімдерге төленетін үстемақы туралы түсіндірді

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 1 қыркүйектен бастап дәптерлерді тексергені үшін және сынып жетекшілері үшін мұғалімдерге берілетін қосымша төлемдер екі есеге артты.
«Магистратура үшін мұғалімдер 27 мың теңге көлемінде жаңа қосымша ақы алады. 1 қыркүйектен бастап дәптер тексергені үшін төленетін төлем екі есеге, сынып жетекшілігі үшін төленетін төлем екі есеге артады», – деп қосты Асхат Аймағамбетов.