Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан ресейлік вакцинаны қашан сатып алады?

Қазақстан ресейлік вакцинаны қашан сатып алады?

Қазақстан ресейлік вакцинаны сынақтың үшінші кезеңі аяқталғаннан кейін ғана сатып алады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды sputniknews.kz
«Біріншіден, Ресейдің Гамалея атындағы вирусология институты коронавирусқа қарсы вакцинаны алғаш болып тіркеді. Біз Ресейде вирусологияның ғылым ретінде жоғары деңгейде екенін мойындаймыз. Сол себепті осы жылдың 24 тамызында үкіметтік делегациямен барып, тиісті алдын ала келісімге қол қойдық. Оған сәйкес, Ресей вакцинаны сынақтың үшінші кезеңінен өткеннен кейін, бірінші Қазақстанға сатуға міндеттелді», – деді Скляр онлайн баспасөз мәслихатында. 
Ал қазір, оның айтуынша, сынақтың екі фазасы ғана өткен. Үшінші кезең желтоқсан айына қарай аяқталады. 
«Ол азаматтардың ауқымды тобын қамтиды, соның ішінде тәуекел тобына кіретін санаттар да бар. Барлық тиісті сынақ аяқталғаннан кейін, екпені сатып алуға қатысты шешім қабылданады», – деді ол. 
Ресейлік «Спутник V» екпесі әлемде коронавирусқа қарсы тіркелген алғашқы вакцина атанды. 
Бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов халықтың тәуекел тобына кіретін азаматтарға ресейлік вакцинаны егуге болмайтынын айтқан еді. Олар: балалар, жүкті және бала емізетін әйелдер, қарттар.
08 қыркүйек 2020 ж. 528 0