Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Уақытша жұмыс істемейтін адам зейнетақы қаржысын пайдалана ала ма?

Уақытша жұмыс істемейтін адам зейнетақы қаржысын пайдалана ала ма?

Tengri TV-де өткен тікелей эфирде ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Виктория Шегай зейнетақы жинағында жеткілікті қаражаты бар, бірақ соңғы уақытта жұмыссыз жүрген адам оны пайдалана ала ма, деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мен 47 жастамын. Менің зейнетақы қорымда 4 миллион теңге бар, яғни үй алу үшін пайдалануға болатындай артық қаражатым бар. Бірақ бір жылдан астам уақыт бойы зейнетақы қорына ақша аударған жоқпын. Баспана алатын жағдайда ол қаражатты пайдалана алам ба, әлде соңғы бір жылда зейнетақы қорына ақша аудармағаным кедергі бола ма?».
Tengri TV-де өткен тікелей эфирде оқырман тарапынан осындай сұрақ қойылды.
«Зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалану бойынша басты назарда жинақта жеткілікті қаражат жиналғанына назар аударылады. Егер жинақта қаражатыңыз жеткілікті болса, тиісті бөлігін пайдалана аласыз. Дегенмен, ай сайын зейнетақы қорына ақша аударуға мән беру керек, себебі ай сайынғы аударымыңыз аз болған сайын базалық зейнетақыңыз да аз болады. Ал үй алуға қатысты келер болсақ, банк сіздің төлем қабілетіңіз бар екенін тұрақты табыс көзіңіз бар екеніне, ай сайын зейнетақы қорына ақша аударылып тұрғанына байланысты бағалайды», – дейді ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Виктория Шегай.
https://kyzylorda-news.kz/​​​
09 қыркүйек 2020 ж. 552 0