Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр зейнетақы жинағының бір бөлігін кімдер пайдалана алатынын айтты

Министр зейнетақы жинағының бір бөлігін кімдер пайдалана алатынын айтты

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 721 мың салымшысы 2021 жылы зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана сатып алуға жұмсай алады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
Президент 1 қыркүйекте жариялаған Жолдауында осы жылдың соңына дейін азаматтар зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, қымбат емнің ақысын төлеуге пайдалана алатынын айтты. Мемлекет басшысы үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп 2020 жылдың соңына дейін барлық қажетті нормативтік-құқықтық актіні қабылдауды және дайындық жұмысын жүргізуді тапсырды.
«Бүгінге мақұлданған тұжырымдалық шешім бар. Аталған мақсаттарда өз зейнетақы жинағын пайдалануға 721 мың адамның мүмкіндігі болады. Бұл шамамен 1,4 триллион теңге көлемінде», – деді Нұрымбетов үкімет отырысында. 
Министрдің айтуынша, 721 мыңның ішіне зейнетақы шотындағы ақша жеткілікті шегінен асатын 530 мыңға жуық жұмыс істейтін азамат, 178 мыңнан астам зейнеткер және аннуитет төлемдеріне шарт жасасқан 13 мың адам кіреді. 
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы төлемдерді жүзеге асыру қағидалары үкіметтің қаулысымен бекітіледі.
https://kyzylorda-news.kz/
02 қыркүйек 2020 ж. 578 0