Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қауынның пайдасы мен зияны

Қауынның пайдасы мен зияны

Қауынның хош иісі мен тәттілігінен бөлек денсаулыққа көптеген пайдасы бар. Ол құрамындағы дәрумендердің және құнарлы заттардың көптігімен пайдалы.
Қауынның денсаулыққа пайдасы
Қауын жасұныққа бай. Сондықтан ішектің жұмысын жақсартады,
Қауынның құрамында фолат, К дәрумені және магний бар. Олар сүйектің саулығы үшін аса маңызды.
Қауынның құрамында калий көп болғандықтан, ол қан қысымын төмендетеді.
Қауын су және электролиттерге бай. Өз кезегінде олар организмдегі сұйықтықтың теңгерімі үшін пайдалы.
Қауында коллагеннің бөлінуіне әсер ететін және теріңізді күн сәулесінен қорғайтын С дәрумені бар. сонымен қатар аскорбин қышқылы иммунитетті нығайтады.
Қауында лютеин және зеаксантин аталатын антиоксиданттар бар. Олар көздің саулығын сақтап, көздің көруін жақсартады.
Қауынның құрамында темір, калий, кальций, магний, В, С, және А топтарының дәрумендері көп. Солардың әсерінен қауын ісіктердің пайда болуының алдын алып, жүрек-қан тамырлар жүйесі аурулары мен диабеттің алдын алатын құрал болып табылады. Сонымен қатар қандағы холестерин мөлшерін төмендетіп, атеросклероздың дамуының алдын алып, орталық жүйке жүйесін тыныштандырады.
Қауынның денсаулыққа зияны
Бала емізетін әйелдерге қауын жеуге болмайды. Себебі сәбидің ас қорытыуын бұзуы мүмкін. Сонымен қатар қант диабеті, асқазан және аш ішек жарасынан зардап шегетіндерге де қауын зиян. Сондай-ақ, ішек бұзылуында да қауынды көп жемеген абзал.
Егер бүйрегіңіз бен өт қабының саулығына диагностикалық тұрғыдан көз жеткізбесеңіз, аталған ағзаларыңызда құм немесе тастың бар-жоғын білмеуіңіз мүмкін. Мұндай жағдайда қауынды көп жеу кері әсер етіп, отаға жеткізуі мүмкін.
Қауынның құрамында жасұнықтың көптігіне байланысты, ол ауыр өнім болып табылады. Егер қауынды ішімдікпен араластырса, іш өтетінін анық. Сондықтан қауын жеген кезде суық су, әсіресе, қышқыл сүт, айран ішуге және йогурт жеуге болмайды.
Қауынның құнарлылығы және қалай дұрыс жеу керек
100 грамм қауында 34 килокалория бар. Қауынды негізгі астардың арасында, яғни астан екі сағат бұрын және екі сағат кейін жеген жөн. Керісінше жағдайда, асқазанда ауырлық сезімі пайда болады. Сонымен қатар бір күнде 300 граммнан артық қауын жемеген жөн.
Тәтті әрі піскен қауынды қалай таңдау керек
Қауынның түсі өз сұрпына сай болуы керек. Егер сыртында жасыл тұстары болса, піспегенін аңғартады. Ал қауынның кейбір сұрыптарында өзіне тән жасыл жолақтары болады.
Қауынның сыртын жақсылап қараңыз: ол бүтін, қара дақтарсыз, сызатсыз болуы керек. Сонымен қатар жарылған жерлері болмауы тиіс. Қауында бактериялар тез көбейеді. Сондықтан үнемдеу үшін бөлінгені қауынды алудың қажеті жоқ.
Қауынның қабығын басып көріңіз. Ол қаттылау болуы керек. Бірақ тым жұмсақ немесе тым қатты болса, басқасын таңдағаныңыз дұрыс. Қауын піскен кезде оның қабығының жасушаларына қаттылық беретін протопектин пектинге айналып, қауынның мәйегін жұмсартады.
Қарбыз таңдағандағы сияқты, қауынның да сыртын алақанмен ұрып көру керек. Егер қатаң дыбыс шықса, піскенін аңғартады.
Қауын қаншалықты жақсы піссе, оның құрамында хош иіс беретін заттар да соншалықты көп болады. Сондықтан әбден піскен қауынның иісі мұрын жарады. Одан ананас, ваниль және алмұрттың аралас иісі шығады.
Жолдың бойында сатылатын немесе жерде жатқан қауындарды сатып алмағаныңыз дұрыс. Себебі қауынның сырты жұқа әрі нәзік болатындықтан, токсиндер, ауыр металлдар және басқа да улы заттарды жылдам сіңіріп алады.
https://qazaly.kz/

11 қыркүйек 2020 ж. 484 0