Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 14 қыркүйек, дүйсенбі күнгі ауа райы болжамы

14 қыркүйек, дүйсенбі күнгі ауа райы болжамы

14 қыркүйекте республиканың барлық аумағында жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтіледі. Дегенмен, Батыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, жаңбыр, екпінді жел болжанады. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің хабарлауынша, елдің солтүстік-батысы мен қиыр солтүстігінде түнде және таңғы уақытта тұман болады.

Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысының кей жерінде күндіз найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с артады.
Қызылорда облысының күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, Солтүстіқ Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерде тұман болжанады.
Сондай-ақ, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
baq.kz
14 қыркүйек 2020 ж. 461 0