Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Сейсенбіде бұрынғыша республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерде жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жаңбыр күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. 

Кей жерде найзағай, желдің күшеюі, тұман күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қарағанды,  Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, Қарағанды облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, Шығыс Қазақстан облысының  кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл  облысының кей жерінде тұман күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысында, түнде Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.  Солтүстік Қазақстан, Қостанай,  Павлодар облыстарының кей жерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақмола облысының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Түркістан, Атырау, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Қарағанды облысының кей жерінде,  Ақтөбе,  Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде,  Алматы облысының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
https://baq.kz/news/othernews/10-yrk-yekke-arnal-an-aua-rayy-bolzhamy/
10 қыркүйек 2019 ж. 730 0