Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Иммунитетті қалай көтеруге болады?

Иммунитетті қалай көтеруге болады?

Ауа райының салқындауына байланысты күз және қыс мезгілдерінде ЖРВИ және басқа инфекциялық ауруларды жұқтыру қаупі жоғары. Әсіресе, дәл қазіргідей бүкіл әлемдік пандемиялық жағдайда денсаулықты күтіп, иммунитетті көтеру маңызды.
Мұндай жағдайда таза ауада тыныстап, жаттығулар жасап, жаман әдеттерден арылу арқылы ағзамызға көмектесе аламыз. Салауатты өмір салтын сақтап, күнделікті толыққанды 7-8 сағаттық ұйқы және эмоционалды тыныштықты қамтамасыз ету де маңызды. Сонымен қатар, микроэлементтер мен витаминдерге бай тағамдарды тұтыну арқылы қысқа уақыт ішінде ағзаның резервтік күшін жоғарылатып, әртүрлі инфекцияларға қарсы тұру қабілетін күшейтуге болады.
Дәрігерлердің айтуынша, иммунитетті нығайту үшін А, В, С, Д, Е дәрумендері қажет. Кейбір дәруменді ағзаның өзі түзуге қабілетті, мысалы D дәрумені күн сәулесінің әсерінен біздің терімізде түзіледі.
Сондай-ақ, дұрыс тамақтану да иммунитетті нығайтуда көп пайдасын тигізеді. Көкөністер, жемістер, ет, сүт, жаңғақтар, ботқа – қажетті микроэлементтерге бай азық-түліктер.
https://kyzylorda-news.kz/
21 қыркүйек 2020 ж. 881 0