Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Иммунитетті көтерудің 7 жолы

Иммунитетті көтерудің 7 жолы

Иммундық жүйенің тиімділігі көп жағдайда генге тікелей байланысты, алайда түрлі өмір салты да жанама әсер етіп жатады. Жалығу, күйзеліс, дұрыс тамақтанбау әсерінен иммунитет әлсірейді. Сондықтан оны күшейту үшін біраз нәрсені істей аламыз.Бұл үшін: ұйқы, демалу және босаңсу қажет, өйткені шаршаңқы ағза жұқпалы ауруларға көбірек шалдығады.
Сондықтан ұйқы мен демалыстың маңызы жоғары. Ұйқы кезінде мелатонин гормоны бөлінеді, бұл адамның ағзасын түрлі инфекциялардан қорғайды. Және де ол кезде ағза қалыпқа келіп, күш-қуат жинақтайды. Сонымен қатар тұрақтылықты күйзеліс пен сырттағы өмір де бұзады.

Дене белсенділігі
Спортпен үзбей шұғылдану арықтауға мүмкіндік береді, жүректі жақсартады, мидың жұмыс істеу қабілетін көтереді, иммундық жүйені қалыпқа келтіреді. Дәрігерлердің кеңесі бойынша адам күнделікті 30 минутын дене белсенділігіне арнауы тиіс, бұл тамырдың минутына 130  рет соғуына әкелуі керек. Әсіресе, таза ауадағы қимыл қозғалыс ерекше. Алайда, назар аударыңыз! Дене белсенділігін асырып жіберу ағзаның қарсы тұра білу қабілетін осал етеді.  

Дұрыс тамақтану
Тамақтанудағы барлық жетіспеушіліктері денсаулықтан көріне бастайды. Дұрыс тамақтанбау иммунитеттің әлсіреуіне әкеледі. Иммунитетті көтеру үшін  жеміс-жидекке, көкөніске бай құнарлы тағамдарды тұтынған абзал. Антиоксиданттарға бай, мәселен A, C, E дәрумендері бар өнімдер маңызды рөл атқарады. С дәрумені иммунитетті қалпына келтіреді, вирустардың көтерілуін басады және де жұқпалы аурулардың уақытын қысқартады. Е дәрумені бос радикалдармен күрес кезінде қорғаныс қабілетін қалыптастырады, ал А дәрумені лейкоциттердің өндірілуін қамтамасыз етеді. Сәбіз, саумалдық, брокколи, жасыл бұрыш, цитрусты жемістер, алмамен жақынырақ танысуға кеңес береміз. Тағам тұтынуда сондай-ақ балық, ет және пробиотиктің жетіспеуі де орын алып жатады. Қыс кезінде балғын жемістерді мұздатылған өнімдермен алмастыруға болады.

Шынығу
Шыныққан ағза температураның өзгерісіне төтеп бере алады, иммундық жүйе тоқтаусыз жұмыс істеп тұрады, осының арқасында біз ауырмай сау жүреміз. Денеге ыстық және суық су құямыз. Әр күн сайын су температурасында аздаған айырмашылық болуы тиіс. Сау адам ғана денесін шынықтыра алатындығын назардан шығармаған жөн.

Киім
Ағзаның күресе білу қабілетіне ауа райы мен мезгілге байланысты дене қозғалысы маңызды әсер етеді. Сондықтан да мезгілге сай киіну де маңызды. Суық тию көп жағдайда ағзаның тоңуы немесе ыстықтауы нәтижесінде орын алады. Бірнеше қабат киім белгілі бір киімдерді кию не шешу арқылы температураның өзгерісіне сай киініп жүруге мүмкіндік береді. Мәселен, қыс кезінде денеде жылы температураның жоғалуына жол бермейтін мойынорағыш, бас киім және қолғап туралы ұмытпаған жөн.

Сусындар
Суық тиюден өзіңді қорғау үшін минералды су мен жеміс-жидек қосылған, мәселен итмұрын, таңқурай, бадам, шырғанақ қосылған шайларды көбірек ішкен дұрыс. Бұл ағзада судың мөлшерін қалыпты етеді, нәтижесінде қажет емес, зиянды заттардың шығуына түрткі болады.

Табиғи иммунитет
Иммунитетті күшейтудің табиғи жолы  — бактерияға қарсы және қабынуға қарсы әсер беретін сарымсақты пайдалану. Ол табиғи антибиотик ретінде әсер етеді, жағымсыз әсері жоқ. Ең белсендісі балғын сарымсақ екені анық. Сондай-ақ бал, антибиотикалық заттары құрамында кездесетін пияз туралы да осыны айтуға болаы.

Сауна
Ағзаның күресу қабілетін сауна көмегі арқылы да жақсартуға болады. Ұдайы түрдегі қабылдаулар ауру тудырушы микроағзаларды өлтіретін лимфоцит өнімділігін арттырады. Қарсы көрсетілімдер болмаса, саунаға шама келсе апта сайын барған дұрыс.
reactor.inform.kz

23 ақпан 2020 ж. 2 008 0