Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Адыраспан коронавирустан сақтайды ма?

Адыраспан коронавирустан сақтайды ма?

Kyzylorda-news.kz. Әлемді жайлаған жұқпалы дерттен жүрексінгендер ырым-сенімге бой ұруда, деп хабарлайды «Хабар 24».
Атыраулықтар кәдімгі адыраспанды көптеп сатып ала бастаған. Сұраныс артқан соң қасиетті шөптің бағасы да шарықтап шыға келді. COVID-19 індетіне қарсы адыраспанның емі туралы ақпарат әлеуметтік желіде желдей есуде. Алайда ол медициналық тұрғыдан қаншалықты шындыққа жанасады?
Атын атаудан бас тартқан келіншек аластауға кәдімгідей төселіп алған. Қала базарын көк түтінге бөктірген сатушы адыраспан түтетіп, қатерлі дертті қуалауда.
Алайда дәрігерлер бұл ем түрімен келіспейді. Керісінше, ащы түтін қолқаны қауып, тыныс жолдарын зақымдайды екен. Ол кезегінде аллергиялық ауруларды қоздырады. Сондықтан адыраспанмен аластау арқылы емес, дұрыс тамақтану арқылы иммунитетті көтеру керек. Қандай да микроппен күресуде ағзаның өзіндік қарсылығы болады дейді маман дәрігер.
«Иммунитетті көтеру үшін спортпен айналысу керек, дұрыс тамақтанып, 8 сағаттық ұйқтап, қоршаған ортада демалу керек. Көбіне витаминге бай тамақты жеу керек. Мысалы С витамині, В витамині деп жатамыз. Ол лимон, алма, жүзім секілді жеміс жидектерде көп»,- дейді дәрігер-иммунолог Гауһар Сембиева.
Адыраспан түтінінде улы токсиндер бар екенін дәрігерлер растайды. Бірақ оған құлақ асып жатқандар аз. Бүгінде Атырауда адыраспан саудасы қызып тұр. Бұрын бір байлам емдік шөптің бағасы 100 теңге болса, енді екі есеге қымбаттап кетіпті.
24 наурыз 2020 ж. 911 0