Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Психологиялық тест: Қай сақинаны анаңызға сыйлар едіңіз?

Психологиялық тест: Қай сақинаны анаңызға сыйлар едіңіз?

Сіз туралы өзгелер не ойлайды?
№1 сақина
Сізді өзгелер жұмсақ, биязы мінезді адам ретінде таниды. Жүрегіңіздің нәзіктігі, жаныңыздың мейірімділігі айналаңыздағы адамдарға ұнайды. Өзгелерге нағыз қорған бола алатын, қиын сәтте жақындарының жанынан табылатын жан екеніңізге өзгелер сан мәрте рет көз жеткізген. Сол себепті ортаңызда сыйлысыз, құрметтісіз. Сіз барлығына керексіз. Өйткені, әлем сіз сияқты мейіріміді жандарға зәру.
№2 сақина
Сізді өзгелер үшін әрдайым көңілді жүретін, мұңаюды білмейтін, айналаңыздағыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын адам ретінде таниды. Сіздің жаныңызда жүріп, сізбен бір сағат сырласқан адам барлық мұң-мұқтажын ұмытып, сіз сияқты өмірге позитивті көзқараспен қарай бастайды. Оы мінезіңіздің арқасында достарыңыз өте көп. Сіз адамдарды атақ-дәрежесіне, шыққан тегіне қарай алаламайсыз. Адамдардың барлығы тең. Сізді ең алғаш көрген адам «қандай бақытты, көңілді жан» деп таңданып жатады. Сіз жемісін төккен ағаштай, керемет адамсыз.
№3 сақина
Неткен қарапайым адам! Мына заманда осыншалық қарапайым адамдар бар ма? Сіз туралы өзгелер осылай ойлайды. Сіздің қарапайым мінезіңіз өзгелер үшін жұмбақ. Тұйықтығыңызды да өзгелер түсінбей жатуы мүмкін. Қолыңызда ақшаны уыстап ұстап жүрсеңіз де қарапайым киініп, қарапайым болып жүргенді жақсы көресіз. Кейде «тым қарапайым болмасаңшы!» деп ақыл айтып жататындар да жоқ емес. Дегенмен, өзгелер үшін сол қарапайымдылығыңызбен ерекшесіз.
№4 сақина
Сізді өзгелер шыдамсыз, мазасыз, айтқанын істетпей қоймайтын, өздігімен жүретін жан деп ойлайды. Шындығында да солай… Басқа адамдар өздерін сіздің жаныңызда еркін ұстай алмайды. Өйткені сізде лидерлік мінез басым. Мазасыздығыңыз бен істің нәтижесіне бірден қол жеткізгіңіз келетін қасиетіңізді өзгелер бірден қабылдай қоймасы анық. Дегенмен сіздің сөзіңіз өтімді болғандықтан, бұл қасиетіңізді жақсы қабылдап жатады. Сіз үшін бір орында тұрақтап қалу қиын. Әрдайым өзгерісті қалайсыз.
№5 сақина
Сіздің мінезіңіз өзгелер үшін түсініксіз. Өйткені күліп отырып мұңая саласыз, мұңая отырып қуануыңыз тез. «Жұмбақ жан» деген тіркес сізге қаратыла айтылса керек. Қазір бір істі бастап отырып, екінші бір іске ауысып кетуіңіз мүмкін. Сіздің мінезіңіздің адамдарға беймәлім қырлары өте көп. Жағыну, жалпақтау дегенді мүлдем білмейсіз. Бүгін айтқан ақылыңызға ертең өзіңіз қарсы шығуыңыз мүмкін. Кейде өз-өзіңізді де түсінбей қалып жатасыз.
№6 сақина
Дәл осы ағашты таңдаған адам өзгелердің көзіне сүйкімді болып көрінеді. Өте тартымды жандар. Сөйлеген сөзімен, өз-өзін ортада дұрыс ұстауымен ерекшеленеді. Өзгелер сізге «өте мәдениетті» деп баға беріп жатады. Иә, мәдениетті екеніңіз рас. Ақсүйектерге тән қасиетіңіз бар. Өзіңізді жоғары бағалайсыз. Айналаңыздағы адамдар әрдайым Сіз туралы тек жағымды пікірлер айтады.
zhambylnews.kz
22 қыркүйек 2020 ж. 940 0