Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сүзбе күзгі депрессиямен күресуге көмектеседі

Сүзбе күзгі депрессиямен күресуге көмектеседі

Сүзбе күзгі депрессиямен күресуге көмектеседі және ер адамның қауқарын күшейтеді, деп жазады РИА Новости.
Гастроэнтеролог Алексей Буеверовтың айтуынша, сүзбе нәрлі заттарға, ақуыз бен майларға бай, ал көмірсулар керісінше аз.
«Сонымен қатар зерттеулерге сәйкес, сүзбені жиі жеген кезде көңіл-күй көтеріледі, бұдан бөлек, күзгі депрессиямен күресуге көмектеседі», – дейді дәрігер.Ол бұл тағамның құрамында кальций, магний, цинк секілді микроэлементтер көп екенін атап өтті. Бұл тек сүйек тінін нығайтып қана қоймай, ер адамдардың қауқарын күшейтеді.
Дәрігер дүкенге барған уақытта «сүзбе» жазуына мән беруге кеңес берді. «Сүзбеше» және «сүзбе массасы» деген өнімдердің құрамында ароматизаторлар мен өсімдік майы болуы мүмкін.
Маманның айтуынша, сүзбе айтарлықтай құнарлы тағам, сондықтан күніне 200 грамнан артық жемеген жөн.
«Көп жемеген дұрыс, бірақ майлылығы жоғары – бес немесе тоғыз болғаны абзал. Майсыздандырылған сүт өнімдерінің пайдасынан зияны зор», – деді Буеверов.Біріншіден, ағзаға қажетті мөлшерде май түспегендіктен, оны өзі жинай бастайды. Екіншіден, майсыздандырылған өнімдер дәмсіз болғандықтан, оның құрамына қант қосады. 
27 қыркүйек 2020 ж. 1 308 0