Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазан айынан бастап жолаушылар пойызы жиі жүре бастайды

Қазан айынан бастап жолаушылар пойызы жиі жүре бастайды

Қазан айынан бастап Қазақстанда жолаушы пойыздарының қатынасы жиілейді деп хабарлайды inform.kz.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ келесі жолаушылар пойыздарының жүру мерзімділігі артқаны туралы хабарлайды:
1) №1/2 «Алматы-2 – Шымкент» аптасына 1 реттен 3 ретке дейін, Алматыдан-2-ден 2020 жылдың 10 қазанынан бастап, ал Шымкенттен 2020 жылдың 11 қазанынан бастап;
2) №11/12 «Алматы-2 – Шымкент» аптасына 2 реттен 4 ретке дейін, Алматыдан-2-ден 2020 жылдың 13 қазанынан бастап, ал Шымкенттен 2020 жылдың 14 қазанынан бастап;
3) №31/32 «Алматы-2 – Павлодар» 2020 жылдың 11 қазанынан бастап Алматыдан, 2020 жылдың 12 қазанынан бастап Павлодардан күн сайын жөнелтіледі;
4) №603/604 «Нұр – Сұлтан Нұрлы жол – Арқалық» 2020 жылдың 2 қарашасынан бастап Нұр-Сұлтаннан, 2020 жылдың 3 қарашасынан бастап Арқалықтан күн сайын жөнелтіледі.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты «105» нөмірі арқылы алуға болады.
28 қыркүйек 2020 ж. 539 0